📌 Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Қарақия ауданы, Жетібай ауылындағы №8 ЖББМ базасында «Жасыл болашақ – отбасылық экожоба» облыстық байқауы қашықтықтан өткізілді.
🎯 Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға ынталандыру.
Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 32 білім алушылары қатысты.🌱
☘️ Байқау 2 кезең бойынша өтті:
🎥 «Жасыл болашақ – отбасылық экожоба» тақырыбындағы бейнеролик;
🖥️ Экологиялық жоба бойынша презентация.
♻️ Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс жәшіктерін жасап, қалдықтарды сұрыптау мен табиғатты қорғау бағытындағы креативті жобаларын ұсынды.
🏆 Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталады.
🥇 I орын – Жаңаөзен қаласы, №11 жалпы білім беретін мектебінің «EcoStar» тобы;
🥈 II орын – Түпқараған ауданы, Е. Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Таза Өмір» тобы және Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебінің «Эко Лидер» тобы;
🥉 III орын – Ақтау қаласы, Н. Оңдасынов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Eco-Family» тобы, Маңғыстау ауданы, М. Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Әке мен бала» тобы және Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Eco Vision» тобы.
🎊 Қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.






