✨🏆 5–6, 7–8 сынып ұлдар мен қыздар арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша облыстық олимпиада 🏆✨ — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

✨🏆 5–6, 7–8 сынып ұлдар мен қыздар арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша облыстық олимпиада 🏆✨

Жаналықтар

«Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23–25 сәуір күндері аралығында Ақтау қаласы, №25 жалпы білім беретін мектептің спорт залында 5–6, 7–8 сынып оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша облыстық олимпиада өтті.

👥 Олимпиадаға Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Мұнайлы ауданынан 60-қа жуық ұлдар мен қыздар қатысты.
🔹 Олимпиада топтық жүйе бойынша өтті.

🥇 5–6 сынып оқушылары бойынша орындар:
I орын – Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицей
II орын – Жаңаөзен қаласы, №8 жалпы білім беретін мектеп
III орын – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектеп

🥇 7–8 сынып оқушылары бойынша орындар:
I орын – Ақтау қаласы, Т.Әшімбетов атындағы №11 мектеп-лицей
II орын – Жаңаөзен қаласы, №7 жалпы білім беретін мектеп
III орын – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектеп

🎖️ Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медальдармен,грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

🏅 Сондай-ақ «үздік ойыншы», «үздік гимнаст», «үздік бес асықшы», «үздік асықшы» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

🌟 «Дене шынықтыру» пәні бойынша жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 🍀

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ