Ұлттық мектеп лигасының шахматтан «Ақбозат» 5–6 сынып ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық жарысында Маңғыстау командасы жүлделі ІІІ орын иеленді. ♟️🥉🏆Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23–26 маусым аралығында Тараз қаласын-да Ұлттық мектеп лигасының шахматтан «Ақбозат» 5–6 сынып оқушылары арасындағы республикалық жарысы өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарынан 50-ге жуық оқушы қатысты.
Ұлттық мектеп лигасының республикалық шахмат жарысында Маңғыстау облысының намысын қорғаған Ақтау қаласындағы IT-лицейдің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Команда құрамында:
Алуа Бейбіт – 5 «Ж» сынып;
Гушанов Мурад – 5 «Е» сынып;
Зинков Даниил – 6 «В» сынып;
Қуанышқали Сардар – 5 «Д» сынып.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар кубок, медаль, грамота және дипломдармен марапатталды.

