Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» 5–6 сынып қыздар арасындағы республикалық жарысы 9–16 маусым күндері аралығында Астана қаласында өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Абай және Қостанай облыстарынан 14 команда қатысып, 150-ден астам оқушы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын қорғаған Жаңаөзен қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектептің қыздар командасы жоғары ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Команда мүшелерін, жаттықтырушыларын және қолдау көрсеткен ұстаздар мен ата-аналарды осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті жолдарыңыз жалғасып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, республикалық және халықаралық додаларда Маңғыстау өңірінің мерейін үстем ете беріңіздер! Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! 🏆⚽️👏


