Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 5-6 сынып қыздар арасындағы республикалық «Ұшқыр доп» жарысы 15-22 маусым күндері аралығында Тараз қаласында өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарынан 130-дан астам оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын қорғаған Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ командасы 3 жүлделі орынды иеленді.

