Облыстық шахмат олимпиадасы ♟️🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Облыстық шахмат олимпиадасы ♟️🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысында жас шахматшылардың басын қосқан маңызды дода өз мәресіне жетті. 10–12 сәуір күндері Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектептің спорт залында өткен облыстық іріктеу жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған олимпиадаға Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарынан 50 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. 2–11 сынып оқушылары арасында өткен жарыс жекелей форматта өткізіліп, әр қатысушы өз шеберлігі мен логикалық ойлау қабілетін көрсетті. ♟️

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталды 🥇📜 Сонымен қатар, 2–4, 5–6, 7–8, 9–11 сыныптар бойынша үздік ойыншылар арнайы статуэткаларға ие болды. ✨

Олимпиада нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алып, Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады. 🇰🇿

Облыс құрамасына алдағы жарыста сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! 💙♟️

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ