Ұлттық мектеп лигасының тоғызқұмалақтан 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17-20 маусым аралығында Тараз қаласында Ұлттық мектеп лигасының тоғызқұмалақтан 5-6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Алматы, Қостанай, Қызылорда, СҚО, БҚО, Жетісу, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарынан 72 оқушы қатысты. Ұлттық мектеп лигасының республикалық тоғызқұмалақ жарысында Маңғыстау облысының намысын қорғаған Жаңаөщен қаласы, 18 ЖББМ командасы 6 орынға тұрақтады.

