🌍📚 Білім алушылар арасындағы «Қауіпсіз әлемге саяхат» облыстық зияткерлік байқауы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🌍📚 Білім алушылар арасындағы «Қауіпсіз әлемге саяхат» облыстық зияткерлік байқауы

Жаналықтар

📌 Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Қарақия ауданы, Жетібай ауылындағы №8 ЖББМ базасында білім алушылар арасында «Қауіпсіз әлемге саяхат» облыстық зияткерлік байқауы өткізілді.

🎯 Байқаудың мақсаты – оқушылардың экологиялық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіз өмір сүру дағдыларын дамыту, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 13–14 жас аралығындағы 32 білім алушылары қатысты. 🌿

☘️ Байқау 3 кезең бойынша өтеді:
📘 Тест тапсырмалары;
🧠 Логикалық сұрақтар кезеңі;
🗺️ Квест тапсырмалары және постер қорғау.

🏆 Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
🥇 I орын – Ақтау қаласы, Білім-инновация лицейінің «BIL NOVA» тобы;
🥈 II орын – Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының «Алау» тобы және Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беру мектебінің «Эко Әлем» тобы;
🥉 III орын – Ақтау қаласы, №24 жалпы білім беретін мектебінің «Жалын» тобы, Жаңаөзен қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебінің «Абай 8» тобы және Маңғыстау ауданы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының «Eco Duo» тобы;
🏅 IV орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Эко-13» тобы, Жаңаөзен қаласы, №9 жалпы білім беретін мектебінің «9 үшін тек алға» тобы және Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Sana X» тобы.

🎊 Қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ