Облыстық тоғызқұмалақ олимпиадасы өз мәресіне жетті. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Облыстық тоғызқұмалақ олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен 2–11 сынып ұлдар, қыздар арасындағы тоғызқұмалақ-тан республикалық олимпиаданың облыстық іріктеу жарысы Мұнайлы ауданы, №17 жалпы білім беретін мектептің акт залында 10–12 сәуір күндері өтті. ♟️

Тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу олимпиадасына Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарынан 50 оқушы қатысты. 👥

Олимпиада жарысы жекелей сында өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлерге медаль, грамота табысталды. Сондай-ақ, 2–4, 5–6, 7–8, 9–11 сыныптардан үздік ойыншылар арнайы статуэтка-мен марапатталды. 🏅

Жарыс қорытындысы бойынша Щучинск қаласында өтетін Республикалық олимпиадада Маңғыстау облысының намысын қорғайтын оқушылар анықталып, жолдама алды. 📊

Облысымыздың құрама командасына республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз! 🇰🇿

 

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ