🏆 Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19–20 наурыз күндері Ақтау қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектеп базасында «22 – Наурыз» мерекесіне орай ұйым басшылары мен қызметкерлері арасында облыстық «Nauryz Cup» турнирі өтті.
👥 Турнирге аудан және қала білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ мектеп директорлары қатысып, жалпы саны 120-ға жуық қызметкер бақ сынады.
🎤 Турнирдің ашылу салтанатына Маңғыстау облысының Білім басқармасының басшысы А.Кумбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы келе жатқан «22-Наурыз» мейрамымен шын жүректен құттықтады.
🎉 Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының директор орынбасары Али Кабаков мерейтойына орай құрметпен марапатталып, естелік сыйлық табысталды.
🌱 Ашылу салтанатынан кейін Басқарма басшысының бастамасымен турнирге қатысушылар 19 наурыз – Жаңару күніне орай мектеп ауласында ағаш отырғызу шарасына қатысты.
🏐 Турнирге қатысушылар 4 спорт түрі бойынша сынға түсті:
Волейболдан (ерлер-әйелдер),
Үстел теннисінен (ерлер-әйелдер),
Арқан тартыс (ерлер),
Бес асықтан (әйелдер).
🏅 Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
🥇 1 орын – Мұнайлы ауданы білім бөлімі
🥈 2 орын – Маңғыстау облысының Білім басқармасы
🥉 3 орын – Қарақия ауданы білім бөлімі иеленді.
🎖 Жеңімпаз және жүлдегер командалар Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы КММ атынан кубок, грамота, медаль және дипломдармен марапатталды.
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

