🏐 Ұлттық мектеп лигасының волейболдан «Шұбар доп» 5–6 сынып ұлдар арасындағы республикалық жарысы өз мәресіне жетті. 🏆
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 15-22 маусым күндері аралығында Тараз қаласында Ұлттық мектеп лигасының волейболдан «Шұбар доп» 5-6 сынып ұлдар арасындағы республикалық жарысы өтті.
🏐 Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Алматы, Қостанай, Қызылорда, СҚО, БҚО, Жетісу, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарынан 180-ге жуық оқушы қатысты.
👏 Ұлттық мектеп лигасының республикалық тоғызқұмалақ жарысында Маңғыстау облысының намысын қорғаған Ақтау қаласы, №5 ЖББМ командасы 5 орынға тұрақтады.
🎉 Жас спортшыларға алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

