Бүгін, 23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Ақтау қаласындағы теңіз жағажайындағы «Амфитеатр» алаңында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, «Эко әлем» эко-логиялық отбасылық акциясы өткізілді.
🕘 Іс-шараға білім басқармасының қызметкерлері, облыстық орталықтарының басшылары мен мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұжымдары мен сту-денттері қатысты. Жалпы акцияға 150-ден астам адам қамтылды.
♻️ Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланың тазалығын сақтау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды азаматтық белсенділікке тәрбиелеу.
🌱 Акция барысында қатысушылар жағажай аумағын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
🤝 Осындай игі шаралар арқылы қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениеті қалыптасатыны сөзсіз.
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

