Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 12–14 ақпан күндері Ақтау қаласы №35 жалпы білім беретін мектеп базасында шахматтан Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы ұлдар, қыздар арасындағы облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Ақтау қаласы, Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, 50-ге жуық ұлдар-қыздар командалары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті.
U-17 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі
U-15 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы
U-13 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамота, үздік номинация статуэткасы және дипломмен, кубокпен марапатталды.
Жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! ♟️✨

