Маңғыстау оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы шахматтан U-17, U-15, U-13 ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы ♟️🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Маңғыстау оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы шахматтан U-17, U-15, U-13 ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы ♟️🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 12–14 ақпан күндері Ақтау қаласы №35 жалпы білім беретін мектеп базасында шахматтан Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы ұлдар, қыздар арасындағы облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа Ақтау қаласы, Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, 50-ге жуық ұлдар-қыздар командалары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті.

U-17 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі

U-15 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы

U-13 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамота, үздік номинация статуэткасы және дипломмен, кубокпен марапатталды.

Жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! ♟️✨

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ