🏀 Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан «Алтын доп» 7–8 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏀 Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан «Алтын доп» 7–8 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы.

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 04-6 наурыз күндері Мұнайлы ауданы №19-20 жалпы білім беретін мектеп спорт залдарында баскетболдан «Алтын доп» 7-8 сынып ұлдар,қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа Ақтау қаласы, НИШ зияткерлік мектебі Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы және Түпқараған аудандарынан 160 қа жуық ұлдар-қыздар оқушылары қатысты. Жарыс топтық жүйеде өтті.

«Алтын доп» 7-8 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — Мұнайлы ауданы, №12 ЖББМ
🥈 2 орын — Жаңаөзен қаласы, №22 ЖББМ.
🥉 3 орын — Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин ЖББМ.

«Алтын доп» 7-8 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — Мұнайлы ауданы №12 ЖББМ
🥈 2 орын — Ақтау қаласы №1 ЖББМ
🥉 3 орын — Қарақия ауданы, №1 ЖББМ иеленді.

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен және дипломмен, кубокпен марапатталды. Сондай ақ «үздік ойыншы», «үздік сұрмерген», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталды.

Баскетболдан «Алтын доп» 7-8 сынып ұлдар-қыздар жарысттары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ