📌2026 жылдың 15–16 сәуір күндері аралығында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті Ақтау қаласы №13 гимназияда ашылу салтанаты өткізіліп, түстен кейін Маңғыстау туризм колледжінде практикалық кезеңдері ұйымдастырылды.Слетқа облыстың әр аудан, қаласынан 12–16 жас аралығындағы 56 білім алушы қатысып, 30 білім алушы жеңімпаз атанды.
🎯 Слеттің мақсаты – білім алушыларға азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, туған өлкені зерттеуге қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
🏔️ Слет 5 бағытта өтті:
🎥 «Менің кіші Отаным» бейнеролигі;
🪧 «Ең үздік экспедициялық жоба»;
📍 «Туристік кедергілер жолағы»;
💪 «Спорттық бағдарлау»;
💠 «Туристік әндер байқауы».
Қатысушылардың жұмыстары мен дайындығы және шеберлік деңгейі бойынша бағаланды.
🏆 Слеттің үздік қатысушылары Облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдарымен марапатталды.
🌟 Бірінші орын иегерлері 2026 жылдың қыркүйек айында Павлодар облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
🎊 Ұйымдастырушылар қатысушыларға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейді.
-+ 
