Ұлттық мектеп лигасының гандболдан «Ұшқыр доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🤾‍♂️🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының гандболдан «Ұшқыр доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🤾‍♂️🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 13–14 ақпан күндері Мұнайлы ауданы №17 жалпы білім беретін мектебінің спорт залдарында гандболдан «Ұшқыр доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа Ақтау қаласы, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын облыстық мектеп-интернаты, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданынан 100-ден астам ұлдар-қыздар командалары қатысты.

«Ұшқыр доп» 9–11 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:

🥇🏆 1 орын – Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ
🥈🏆 2 орын – Бейнеу ауданы, Үстірт ЖББМ
🥉🏆 3 орын – Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы №20 ЖББМ

«Ұшқыр доп» 9–11 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:

🥇🏆 1 орын – Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ
🥈🏆 2 орын – Ақтау қаласы, Р.Қабылов атындағы №3 ЖББМ
🥉🏆 3 орын – Жаңаөзен қаласы, №18 ЖББМ

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен, диплом және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ «үздік ойыншы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «үздік қақпашы» номинацияларымен арнайы статуэткалармен марапатталды.

Гандболдан «Ұшқыр доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪🔥

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ