📌 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен «Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 27–28 сәуір күндері аралығында World Athletics ұйымының балаларға арналған «Kids Athletics» оқыту семинары Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №17 жалпы білім беретін мектебі базасында жоғары деңгейде өтті. Бұған дейін Алматы және Қарағанды қалаларында жүзеге асқан бұл бастама енді Маңғыстау өңірінде жалғасын тапты.
🎯 Семинардың мақсаты – балалар мен мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетика негіздерін дамыту және бұқаралық спортты насихаттау.
🏫 Федерация мамандары мен «Kids Athletics» сертификатталған лекторларынан құралған команда Маңғыстау облысына арнайы келіп, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған оқу курсын өткізді. Курсқа 33 мектептен келген 120 мұғалім қатысып, теориялық және практикалық сабақтардан өтті.
👏 Сонымен қатар, оқушылар арасында шағын жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. «Kids Athletics» – балалар спортының дамуына серпін беретін маңызды бастама.
🎉 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

