🏆 Ұлттық мектеп лигасының республикалық жарысы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆 Ұлттық мектеп лигасының республикалық жарысы

Жаналықтар

2026 жылдың 11–15 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдас-тыруымен Ұлттық мектеп лигасының 7–8 сынып ұлдар мен қыздар арасындағы асық ату және бес асықтан республикалық жарысы өтті.

Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен үздік командалар қатысып, ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынады. Асық ату жарысына 17 команда, бес асық жарысына 17 команда қатысып, жалпы саны 100-ден астам оқушы өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🏹 Асық атудан Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы ЖББМ командасы 8-орынды иеленді.

Бес асықтан Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ командасы 13-орынға тұрақтады.

🏅 Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамота, диплом және кубоктармен марапатталды.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ