2026 жылғы 6 маусым күні Астана қаласында өткен Қазақ Ұлттық Спорт Университетінің «Ректор гранты» республикалық жарысында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектептің түлегі Дәулет Айқын жеңімпаз атанып, университеттің ректор грантының иегері болды. Жетекшісі: Мадрешова Кулаш.
Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 16 талапкер қатысып, қыздар мен ұлдар арасында жеке-жеке сынға түсті. Бүгінде Қазақ Ұлттық Спорт Университетінде «Үстел үсті ойын-дары» мамандығы бойынша тоғызқұмалақ бағытының 9 студенті білім алуда. Алдағы уақытта бұл мамандық жаңа студенттермен толыға түспек.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының өкілі Құрманғалиева Жанель мен Маңғыстау облысының түлегі Дәулет Айқын жеңімпаз атанып, ректор грантын иеленді.
🎓 Грант иегерлері алдағы 3 жыл бойы тегін білім алып, арнайы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Дәулет Айқынды және оның жетекшісі Кулаш Мадрешованы осы үлкен жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз.

