🏛️📚 «Форт-Шевченко: ақын тағдыры мен Маңғыстау тарихы» танымдық экскурсиясы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏛️📚 «Форт-Шевченко: ақын тағдыры мен Маңғыстау тарихы» танымдық экскурсиясы.

Жаналықтар

📌 Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Түпқараған ауданына «Форт-Шевченко: ақын тағдыры мен Маңғыстау тарихы» атты танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды.

🎯 Экскурсияның мақсаты – білім алушыларды өңіріміздің тарихи-мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен және Маңғыстау тарихымен таныстыру, туған жерге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.

👥 Экскурсияға аудан, қалалардан 12–16 жас аралығындағы дарынды, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан білім алушылар қатысты.

🚌 Экскурсия барысында қатысушылар:
🌳 Тарас Шевченко атындағы саябақта;
🏛️ Этнографиялық музейде;
📚 Тарас Шевченко атындағы мемориалдық музейде;
⚔️ Иса және Досан батыр ескерткішінде болып, Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларымен танысты.

🏞️ Сонымен қатар, оқушылар Тамшалы шатқалына саяхат жасап, өңірдің табиғи ерекшеліктерін тамашалады.

✨ Экскурсия барысында білім алушылар тарихи орындарды аралап, туған өлкенің тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтер білді. Оқушылар музейлермен танысып, ескерткіштердің тарихын көріп, ерекше әсер алды. Табиғаты көркем жерлерді тамашалап, достарымен бірге жақсы көңіл күй мен ұмытылмас сәттерге бөленді.

🌟 Мұндай танымдық экскурсиялар оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарих пен мәдениетке қызығушылығын оятады.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ