Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 23-25 наурыз күндері Ақтау қаласы №17 жалпы білім беретін мектеп спорт залында ұлдар, №5 жалпы білім беретін мектеп спорт залында қыздар арасында волейболдан «Шұбар доп» 5-6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданынан 120-ға жуық ұл-қыз оқушылары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🔹 «Шұбар доп» 5-6 сынып ұлдар жарысы бойынша:
🥇 1 орын – Ақтау қаласы
🥈 2 орын – Жаңаөзен қаласы
🥉 3 орын – Бейнеу ауданы
🔹 «Шұбар доп» 5-6 сынып қыздар жарысы бойынша:
🥇 1 орын – Мұнайлы ауданы
🥈 2 орын – Ақтау қаласы
🥉 3 орын – Жаңаөзен қаласы
🏅 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамоталармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша ұлдар мен қыздар марапатталды.
🎉 Волейболдан 5-7 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз!
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

