Орталық қызметкерлеріне арналған жұмыс кеңесінен бейне үзінді — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Орталық қызметкерлеріне арналған жұмыс кеңесінен бейне үзінді

Жаналықтар

📌 Күн тәртібінде «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы» директоры Ж.Ө. Мұқалаевтың қатысуымен орталық қызметкерлеріне арналған жұмыс кеңесі өткізілді.

🗓️ Кеңес барысында 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары жан-жақты талқыланды. Жоспарға сәйкес алдағы кезеңде облыс көлемінде өткізілетін туристік-өлкетану бағытындағы жарыстар, экспедициялар, слеттер, семинарлар мен оқу-әдістемелік іс-шаралардың мерзімі мен ұйымдастыру уақыттары нақтыланды.

🎯 Басшы іс-шаралардың сапалы әрі мазмұнды өтуін қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және қатысушылардың қамтылуын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

🏅 Сонымен қатар, орталық ұйымдастыратын облыстық шараларда жүлделі орындарға ие болған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларды республикалық кезеңге сапалы дайындау мәселесі қаралды. Осы бағытта әдістемелік қолдау көрсету, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, тәжірибелік кеңестер өткізу және жетекшілермен жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

🌿 Білім беру ұйымдарындағы туризм, өлкетану, экология үйірмелерінің, мектеп музейлері, жылыжай және «Жасыл клуб» жұмыстарына жүргізілген зерделеу жұмыстарының аяқталғаны айтылып, оның қорытындысы тыңдалды. Анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар сараланып, алдағы уақытта есептік мәліметтердің нақтылығын қамтамасыз ету, үйірме және клуб жұмыстарының айырмашылығын нақтылау, құжаттамаларды талапқа сәйкестендіру және әдістемелік қолдауды күшейту міндеттері жүктелді.

👥 Жиын барысында орталықтың кәсіподақ ұйымының құрамын қайта қарап, жаңарту мәселесі қаралды. Кәсіподақ мүшелерінің тізімі нақтыланып, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстар айтылды.

✅ Кеңес қорытындысы бойынша тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау орталық басшылығының қадағалауында болатыны ескертілді.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ