🥋 Маңғыстау спортшылары — жеңіс тұғырында! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🥋 Маңғыстау спортшылары — жеңіс тұғырында!

Жаналықтар

Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы аясында өткен таеквондо жарысында Маңғыстау облысының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды 👏

📍 2026 жылдың 20–24 сәуір күндері Тараз қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастыруымен ұлдар мен қыздар арасында тартысты бәсекелер өтті.

🔥 Байрақты додада Маңғыстаулық спортшылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп, түрлі салмақ дәрежелері бойынша жеңіс тұғырынан көрінді.Атап айтқанда, жарыс қорытындысы бойынша:
2 орын иегерлері: Буранбаев Жандарбек (51 кг), Берікбай Бақдәулет (63 кг), Аллаберген Ақерке (55 кг), Кеңесбаева Аяулым (49 кг), Бүркітова Анар (42 кг), Базарбай Әсет (68 кг);
3 орын иегерлері: Умирбек Бекарыс (55 кг), Иманғазы Қолқанат (63 кг), Алмасбек Райымбек (59 кг), Елубаев Ержан (45 кг), Эргалдиев Мейрамбек (51 кг), Реймов Нұрдәулет (59 кг), Утепов Ернұр (48 кг), Еділхан Арман (55 кг), Әбдіжұма Меруерт (52 кг), Елубаева Динара (49 кг), Қуан Арайлым (63 кг), Кенжеғали Айару (59 кг), Емутбай Айкөркем (52 кг).

🏆 Жалпы командалық есепте:
ұлдар құрамасы — II орын, қыздар құрамасы — III орын иеленді.

✨ Бұл — спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

💐 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз! 🚀

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ