📌2026 жылдың 23 сәуір күні қашықтық форматта Дүниежүзілік Жер күніне орай «Жасыл шеберхана» облыстық онлайн акциясы өткізілді.
🎯 Акцияның мақсаты – білім алушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу, тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылығын арттыру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Акцияға облыстың арнайы білім беру ұйымдарынан 12–15 жас аралығындағы 9 білім алушы қатысып, өздерінің шығармашылық және экологиялық жобаларын ұсынды. 🌱
☘️ Акция 3 номинация бойынша өтті:
🎥 «Қалдықтан – табысқа» шығармашылық қолөнер жұмыстары;
🎨 «Жасыл әлем» сурет байқауы;
📸 «Туған өлкемнің табиғаты» фотоальбом/буклет.
Қатысушылардың жұмыстары креативтілігі, эстетикалық көркемдігі және практикалық маңыздылығы бойынша бағаланды.
🏆 Қазылар алқасының шешімімен үздік қатысушылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
🌟«Қалдықтан – табысқа» номинациясы:
🥇 І орын — Мұнайлы ауданы, №3 арнайы мектебінің 6-сынып білім алушысы Абай Аңсар;
🥈 ІІ орын — Ақтау қаласы, №2 арнайы мектебінің 6-сынып білім алушысы Болатбаев Абулхаир;
🥉ІІІ орын — Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен арнайы мектебінің 8-сынып білім алушысы Алдаберген Абдуләзиз.
🌟«Жасыл әлем» номинациясы:
🥇 І орын — Мұнайлы ауданы, №3 арнайы мектебінің 5-сынып білім алушысы Атабай Айдос;
🥈 ІІ орын — Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен арнайы мектебінің 6-сынып білім алушысы Қадырбай Мейірлан;
🥉ІІІ орын — Ақтау қаласы, №2 арнайы мектебінің 9-сынып білім алушысы Агжигитов Азамат.
🌟«Туған өлкемнің табиғаты» номинациясы:
🥇 І орын — Мұнайлы ауданы, №3 арнайы мектебінің 10-сынып білім алушысы Игдир Нұртас;
🥈 ІІ орын — Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен арнайы мектебінің 9-сынып білім алушысы Жұмартұлы Абылай;
🥉ІІІ орын — Ақтау қаласы, №2 арнайы мектебінің 9-сынып білім алушысы Мүзәй Жасұлан.
🎊 Қатысушыларға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

