Ұлттық мектеп лигасының асық ату мен бес асықтан 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының асық ату мен бес асықтан 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы ұйымдастыруымен 2026 жылдың 06–07 ақпан күндері Мұнайлы ауданы            №3 жалпы білім беретін мектеп базасында 9–11 сынып ұлдар мен қыздар арасында Асық ату және Бес асықтан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының директоры Ж. Мұқалаев пен №3 жалпы білім беретін мектеп директоры Г. Асамадинова қатысып, барлық спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты салтанатты түрде ашып берді.

Асық ату және Бес асық жарыстарына Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының командалары қатысты.

📌 Бес асық бойынша жеңімпаздар:
🥇 1 орын – Қарақия ауданы, З.Бекарыстанұлы атындағы ЖББМ
🥈 2 орын – Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ
🥉 3 орын – Жаңаөзен қаласы, №21 ЖББМ

📌 Асық ату бойынша жеңімпаздар:
🥇 1 орын – Қарақия ауданы, Құланды мектебі
🥈 2 орын – Бейнеу ауданы, М.Бегенов атындағы ЖББМ
🥉 3 орын – Түпқараған ауданы, Шахта мектебі

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамоталар, дипломдар және кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Жеңіске деген жігері үшін» номинациялары марапатталды.

Асық ату, Бес асық жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪🇰🇿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ