Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасының 9–11 сынып ұлдар, қыздар арасындағы шахматтан «Ақбозат» жарысы 2026 жылдың 17–21 сәуір аралығында Астана қаласында өтті. ♟️
«Ақбозат» жарысына 18 команда, 75-ке жуық оқушы қатысты. 👥
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын Ақтау қаласы IT мектеп-лицейі қорғап, 6-орынға тұрақтады. 📊
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамота, диплом, кубоктармен марапатталды. 🏅

