Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлттық спорт лигасының ұлттық спорт түрлері – тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық-тан облыстық жарыс өтті.
📍 2026 жылғы 03–05 наурыз күндері жарыс Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының директоры Ж. Мұқалаев қатысып, барлық спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты сал-танатты түрде ашты.
Облыстың аудан-қала колледждерінен:
тоғызқұмалақтан – 13 команда
асық атудан – 12 команда
бес асықтан – 8 команда
Жалпы 120-ға жуық студент өзара бақ сынасты.
🏅 Тоғызқұмалақ жарысының қорытындысы:
🥇 I орын — Бейнеу гуманитарлық колледжі
🥈 II орын — Бейнеу политехникалық колледжі
🥉 III орын — Ш.Есенов атындағы колледжі
🎯 Асық ату жарысының қорытындысы:
🥇 I орын — «Каспий» жоғарғы педагогика және салалық технологиялар колледжі
🥈 II орын — М.Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі
🥉 III орын — Каспий өңірі Болашақ колледжі
Бес асық жарысының қорытындысы:
🥇 I орын — Каспий өңірі Болашақ колледжі
🥈 II орын — «Каспий» жоғарғы педагогика және салалық технологиялар колледжі
🥉 III орын — О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжі
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан диплом, грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.
⭐ «Үздік ойыншы» номинациясымен статуэткалар табысталды.
Республикалық кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 🍀

