ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 01-08 сәуір аралығында Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасы баскетболдан «Алтын доп» қыздар арасында республикалық жарысы өтті.Жарысқа республикамыздан 15 командадан 180-ге жуық оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының, Ақтау қаласы №7 Н.Марабаев атындағы мектеп-лицейі командасы жүлделі ІІ-орын иеленді. 🥈🏆Жеңімпаз және жүлдегер болған командалар диплом, грамота, медаль және кубоктармен марапатталынды!!! 🎉🥇

