Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 7-8 сынып қыздар арасындағы республикалық «Ұшқыр доп» жарысы 17-24 мамыр аралығында Қызылорда қаласындағы «Теннис орталығында» өтті.
Жарысқа Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарынан 160-қа жуық оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын қорғаған Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы 5 ЖББМ командасы ІV орынға тұрақтады».

