«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға» сәйкес «Әлеуметтік желі арқылы жасөспірімдер арасында экологиялық тәртіпті насихаттау» облыстық онлайн бейнероликтер байқауы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға» сәйкес «Әлеуметтік желі арқылы жасөспірімдер арасында экологиялық тәртіпті насихаттау» облыстық онлайн бейнероликтер байқауы

Жаналықтар

🌿🎥 2026 жылдың 13 наурыз күні
«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға» сәйкес «Әлеуметтік желі арқылы жасөспірімдер арасында экологиялық тәртіпті насихаттау» облыстық онлайн бейнероликтер байқауы өткізілді.

👩‍🎓👨‍🎓 Байқауға облыстың аудан, қалаларындағы жалпы білім беру ұйымдарының 14–16 жас аралығындағы білім алушыларынан құралған 5 топ қатысты.

🌱 Байқау жасөспірімдердің экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттауға, олардың шығармашылық және ақпараттық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ экологиялық мәселелерге бейжай қарамай, оларды шешуге белсенді қатысуға ынталандыруға бағытталды.

📱 Қатысушылар өздерінің экологиялық тақырыптағы бейнероликтерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялап, жұмыстар мазмұнының өзектілігі, шығармашылығы, техникалық сапасы және әлеуметтік желіге бейімделуі бойынша бағаланды.

🏆 Қазылар алқасы шешімімен білім алушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

🥇 I орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебінің «Көзқарас» тобы

🥈 II орын – Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Үш қиян сақшылары» тобы

🥈 II орын – Жаңаөзен қаласы, С. Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің «Сүгір жастары» тобы

🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы, ЖБИЛ, «Жасыл болашақ» тобы

🥉 III орын – Маңғыстау ауданы, №7 мектеп лицейі, «Жайсаң» тобы

📜 Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

🌍 Бұл шара жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттауға ықпал етті.
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ