Маңғыстау оқушыларының XIII жазғы гимназиадасының бадминтоннан облыстық жарысы🏸🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Маңғыстау оқушыларының XIII жазғы гимназиадасының бадминтоннан облыстық жарысы🏸🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы-ның бадминтоннан U17, U15 ұлдар, қыздар арасындағы облыстық жарысы 2026 жылдың 06–07 ақпан күндері өтті.

Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің базасында өткен бадминтон жарысында спортшылар жекелей сында, жұптық сында және аралас жұптық сында бақ сынасты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1 орын – Мұнайлы ауданының құрама командасы
🥈 2 орын – Жаңаөзен қаласының құрама командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 🥇🥈 медаль, грамота және командалық диплом, кубок табысталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасына баратын бадминтоннан құрама команда спортшылары анықталды.

Жеңімпаздарға республикалық жарыста сәттілік тілейміз! 💪✨

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ