Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 10–12 сәуір күндері Ақтау қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектептің жасыл алаңында футболдан «Былғары доп» 7–8 сынып ұлдар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде өтті. ⚽
Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Қарақия, Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау аудандарынан 94-ке жуық жас спортшы қатысып, өз өңірлерінің намысын қорғады. 👥
Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша:
🥇 1 орын — Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі
🥈 2 орын — Ақтау қаласы №35 жалпы білім беретін мектебі
🥉 3 орын — Қарақия ауданы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы
Жарыс нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамоталар және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар «үздік ойыншы», «үздік қақпашы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «жеңіске деген жігері үшін» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. 🏅
Футболдан «Былғары доп» 7–8 сынып ұлдар жарысының жеңімпаздарына алдағы республикалық додада сәттілік тілейміз! 🇰🇿

