Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2026 жылғы 18–20 наурыз аралығында Ақтау қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектептің футбол алаңында Ұлттық мектеп лигасының 9–11 сынып ұлдары арасында футболдан «Былғары доп» облыстық жарысы өтті.
Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан, сондай-ақ Ақтау ОМИ, Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарынан 90-ға жуық оқушы қатысты. ⚽️
🏅 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Мұнайлы ауданы №12 ЖББМ
🥈 II орын – Ақтау қаласы №21 ЖББМ
🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы №3 ЖББМ
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан командалық кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
✨ Сонымен қатар, «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік сұрмерген», «Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.
🚀 Республикалық Ұлттық мектеп лигасы жарысына жолдама алған Мұнайлы ауданы №12 ЖББМ командасына алдағы додада сәттілік тілейміз
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

