«Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 9–11 сынып ұлдар арасындағы «Ұшқыр доп» республикалық жарысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 17–24 сәуір аралығында Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектепте өтті.
🤾♂️ Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарынан 160-қа жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынасты.
🥇 Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын қорғаған Мұнайлы ауданы, Ш. Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп командасы VII орынға тұрақтады.

