🏐 Маңғыстау құрамасы – жүлдегер! 🥈 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏐 Маңғыстау құрамасы – жүлдегер! 🥈

Жаналықтар

Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы аясында өткен волейболдан қыздар арасындағы республикалық жарыста Маңғыстау облысының құрама командасы жүлделі II орынға ие болды.

2026 жылдың 18–26 сәуір аралығында Щучинск қаласында өткен U-17 бағдарламасындағы тартысты бәсекеде аруларымыз жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Бұл жетістік – спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылар еңбегінің жемісі.

👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ