🔆 «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» III халықаралық ғылыми-практикалық конференция — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🔆 «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» III халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Жаналықтар

📍Конференцияның екінші күні өз жалғасын тауып, мазмұнды секциялық отырыстармен және практикалық іс-шаралармен ерекшеленді.Секциялар барысында жасанды интеллект пен зияткерлік ойындардың білім беру жүйесіндегі рөлі, сондай-ақ ұлттық спорт ойындарының тәрбиелік және танымдық маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, «Бестемше» және «Тоғызқұмалақ» жарыстары екінші күні өткізіліп, қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:

🔹 Командалық Бестемше бойынша:
1-орын — Астана қаласы
2-орын — Маңғыстау облысы
3-орын — Шымкент қаласы

🔹 Командалық Тоғызқұмалақ бойынша:
1-орын — Маңғыстау облысы
2-орын — Түркістан облысы
3-орын — Қызылорда облысы

Конференция қорытындысы шығарылып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Іс-шара соңында үздік қатысушылар мен жарыс жеңімпаздары марапатталып, арнайы дипломдар, сертификаттар және алғыс хаттар табысталды. Жарыстың жеңімпаз командалары қараша айында Түркия елінде өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ