🏀 Ұлттық спорт лигасының баскетболдан ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏀 Ұлттық спорт лигасының баскетболдан ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы.

Жаналықтар

📍 Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 17-19 Наурыз күндері Ақтау қаласы, 16 ш/а №31, №35 жалпы білім беретін мектеп спорт залдарында колледж студенттері арасында баскетболдан ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.

👥 Жарысқа Маңғыстау жоғары педагогикалық, Маңғыстау жоғары политехникалық, Есенов ЖШС, Маңғыстау энергетикалық, Болашақ, Түпқараған гуманитарлық кәсіптік, АТКС колледждерінен 120-ға жуық спортшылар қатысты.
🏆 Жарыс айналмалы және топтық жүйеде өтті.

🏀 Баскетбол ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — М.Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі
🥈 2 орын — Маңғыстау энергетикалық колледжі
🥉 3 орын — Болашақ колледжі

🏀 Баскетбол қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — Болашақ колледжі
🥈 2 орын — М.Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі
🥉 3 орын — Ақтау техналогиялық қызмет көрсету колледжі

🎖 Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен және дипломмен, кубокпен марапатталды.
✨ Сондай-ақ «үздік ойыншы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «үздік сұрмерген» номинацияларымен марапатталды.

🚀 Баскетболдан студент ұлдар-қыздар жарысы бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаға сәттілік тілейміз!
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ