🧗Педагогтердің III облыстық «Құзға өрмелеу» туристік сайысы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🧗Педагогтердің III облыстық «Құзға өрмелеу» туристік сайысы.

Жаналықтар

📌2026 жылдың 8 сәуір күні Ақтау қаласы «Маңғыстау туризм колледжі» базасында жас педагогтер арасында III облыстық «Құзға өрмелеу» туристік сайысы өткізілді!
🎯 Сайыстың мақсаты – спорттық дайындықты дамыту, командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Байқауға облыстың әр аудан, қаласынан білім беру ұйымдарының 30 жас мамандары қатысты, олар төзімділігі мен ептілігін, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.🔥

🏔️Сайыс барысында қатысушылар «Жылдамдық», «Альпинист», «Антимаятник» және «Түйін байлау» кезеңдері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Сайыста қатысушылардың физикалық дайындығы, қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейі және командалық үйлесімділігі бағаланды.✅

✍️Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орын анықталып, жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:
🥇І орын — Қарақия ауданы «Хан тәңірі»тобы
🥈ІІ орын — Ақтау қаласы «Каспий» тобы мен Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» тобы
🥉ІІІ орын — Маңғыстау ауданы «Маңғыстау» тобы, Бейнеу ауданы «Отпан» тобы және Мұнайлы ауданы «Мұнайлы» тобы.

🎊 Жас мамандарға шығармашылық табыс пен кәсіби өсім тілейміз!

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ