🏐 Голболдан «Сылдырмалы доп» облыстық турнирі өтті. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏐 Голболдан «Сылдырмалы доп» облыстық турнирі өтті.

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен 2026 жылдың 26 ақпан күні Ақтау қаласындағы «Мүгедектік спорт клубы» спорт залында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында голболдан «Сылдырмалы доп» атты облыстық турнир өткізілді. 🏆

Турнирдің негізгі мақсаты – көру қабілеті бұзылған және ерекше қажеттілігі бар балалар арасында голбол спортын дамыту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас спортшылардың шеберлігін арттыру. 💪✨

Турнирге 6 команда қатысып, екі жас ерекшелігі санаты бойынша сынға түсті. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Командалар доптың ішіндегі сылдыр дыбысына бағытталып, ерекше ептілік пен жылдамдық танытты. ⚡🎯

Турнир қорытындысы бойынша:
📅 2011–2013 жылғы туғандар арасында:
• I орын – «Бозжыра» командасы 🥇
• II орын – «Жігер» командасы 🥈
• III орын – «Қайсар» командасы 🥉

📅 2008–2010 жылғы туғандар арасында:
• I орын – «Намыс» командасы 🥇
• II орын – «Каспий» командасы 🥈
• III орын – «Маңғыстау» командасы 🥉

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан командалық кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және грамоталармен марапатталды. 🏅
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік сұрмерген» номинациялары табысталды. 🌟

Аталған турнир қорытындысы бойынша облыстың құрама командасы жасақталып, 2026 жылдың 25–30 наурыз аралығында өтетін республикалық турнирге қатысатын болады.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ