Бүгін, 9 сәуір күні Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды экологиялық іс-шара өтті. Франциядан келген студенттердің қатысуымен «Ғаламдық жасыл қолдар достығы» экоакциясы ұйымдастырылды.
Erasmus бағдарламасы арқылы Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне келген Raspail мектебінің студенттеріне «Таза Қазақстан» жобасының маңызы таныс-тырылып, қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында колледж ауласындағы студенттік аллеяға 15 түп гүл көшеттері отырғызылды.Бұл – табиғатқа деген қамқорлық пен халықаралық достықтың жарқын көрінісі.
Шараға «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Марат Абзал және студенттік парламент мүшелері қатысты.Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.
