Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 21–22 ақпан күндері Мұнайлы ауданы, №21 жалпы білім беретін мектеп базасында Асық ату мен Бес асықтан ұлдар, қыздар арасындағы «Алтын сақа» олимпиадасы шеңберінде облыстық жарысы өтті.
Асық ату және Бес асық жарыстарына Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия аудандары болып, 25 оқушы қатысты.
Бес асықтан қыздар жарысы бойынша жалпы командалық орындар:
🥇🏆 1 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Бейнеу ауданы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Қарақия ауданы құрама командасы
Асық атудан ұлдар жарысы бойынша жалпы командалық орындар:
🥇🏆 1 орын – Бейнеу ауданы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Қарақия ауданы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен және дипломмен, кубокпен, статуэткамен марапатталды.
9, 10, 11 сынып оқушылары арасында 1 орын алған оқушылар республикалық «Алтын сақа» олимпиадасына жолдама алды.
«Алтын сақа» республикалық олимпиадасына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілейміз! 💪

