🔆 Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облысының білім басқармасы Облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен Білім басқармасына қарасты «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ білім алушылары арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды. Шара барысында Білім басқармасы басшысының орынбасары Газимова Құралай Нұрлығайынқызы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тіледі.
📌 Шараның мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
👥 Іс-шараға 40 білім алушы қатысып, түрлі спорттық жарыстар мен белсенді ойындарда өзара бақ сынасып, келесі спорттық ойындарға қатысты:
🏅 спорттық эстафеталық жарыстар;
🪢 арқанмен секіру;
⚽ доппен жүгіру;
🚧 туннель арқылы кедергілерден өту;
🎯 дартс ату.
✨ Шара барысында балалар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, спорттық белсенділіктерін көрсетті.

