2026 жылдың 25–30 наурыз аралығында Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында голболдан «Сылдырмалы доп» республикалық жарысы өтті. 🏆
Аталған жарысқа Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстары және Шымкент қаласынан командалары қатысып, өзара тартысты бәсеке көрсетті. 🤝
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командалары жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеп, барлық 4 топ бойынша чемпион атанды: 🥇
2007–2009 ж.т. ер балалар – I орын
2007–2009 ж.т. қыз балалар – I орын
2010–2012 ж.т. қыз балалар – I орын
2010–2012 ж.т. ер балалар – I орын
Бұл жеңіс – өңірдегі инклюзивті спорттың дамуы мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетіліп жатқан қолдаудың айқын нәтижесі. 💪
Маңғыстау облысының командасын жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз. 🎉
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы


