🏆 Маңғыстау облысының құрама командасы — ІІІ орын иегері! 🇰🇿👏 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆 Маңғыстау облысының құрама командасы — ІІІ орын иегері! 🇰🇿👏

Жаналықтар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен өткен Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гим-назиадасы аясындағы қазақ күресінен республикалық жарыс 2026 жылғы 5–9 мамыр аралығында Шымкент қаласында жоғары деңгейде өтті. 🤼‍♂️
Додаға Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының командалары қатысып, 80-ге жуық жас спортшы өз бақтарын сынады.
  Қыздар арасында:
•60 кг салмақ дәрежесінде Тынымбай Арайлым — ІІІ орын
•48 кг салмақ дәрежесінде Чарджоу Інжу — ІІІ орын
•52 кг салмақ дәрежесінде Асанова Нұрай — қола жүлдегер
  Ұлдар арасында:
•50 кг салмақта Дауылбаев Еркінбек — ІІ орын
•90 кг салмақта Жұманазар Едіге — ІІ орын
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының ұлдар және қыздар құрамасы командалық есепте ІІІ орынды иеленді!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота, диплом және кубоктармен марапатталды.
Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ