Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9–11 мамыр күндері Ақтау қаласы, 13 шағын ауданындағы №17 жалпы білім беретін мектептің спорт залында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Мамыр кубогы» облыстық ерлер педагогтері арасындағы волейбол жарысы өтті.
Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарынан 95-ке жуық педагог қатысып, өзара мықтыны анықтады.
🏆 Жарыстың ашылу салтанатында Мұқалаев Жасұлан Өтепбергенұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыстың маңыздылығына тоқталды.
🥇 Жарыс қорытындысы:
•І орын — Мұнайлы ауданы
•ІІ орын — Ақтау қаласы
•ІІІ орын — Қарақия ауданы
🌟 Үздік номинациялар:
•«Үздік ойыншы» — Құрбанбаев Медет
•«Үздік шабуылшы» — Титумбаев Данияр
•«Үздік тосқауылшы» — Изимберген Абылайхан
•«Үздік қорғаушы» — Елемесов Дияс
•«Үздік байланыстырушы» — Егизқараев Қосай
🏅 Жеңімпаз және жүлдегер командалар кубок, диплом, грамота және медальдармен марапатталды.
👏 Барша қатысушыларды құттықтаймыз!

