Ұлттық мектеп лигасының тоғызқұмалақтан 9–11, 7–8, 5–6 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының тоғызқұмалақтан 9–11, 7–8, 5–6 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🏆

Жаналықтар

📍 Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23-25 ақпан күндері Жаңаөзен қаласы, №11 жалпы білім беретін мектебінде 9-11, 7-8, 5-6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының тоғызқұмалақтан облыстық жарысы өтті.

Тоғызқұмалақ жарысына Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандарынан 90-ға жуық оқушылар қатысты.

🥇 Тоғызқұмалақтан 9-11 сынып ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
1 орын — Жаңаөзен қаласы, №18 ЖББМ.
2 орын — Маңғыстау ауданы, Жармыш ЖББМ.
3 орын — Бейнеу ауданы, Атамекен ЖББМ.

🥇 Тоғызқұмалақ 7-8 сынып ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
1 орын — Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атн. ЖББМ.
2 орын — Жаңаөзен қаласы, №18 ЖББМ.
3 орын — Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова атн. №29 м/г.

🥇 Тоғызқұмалақ 5-6 сынып ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
1 орын — Жаңаөзен қаласы, №18 ЖББМ.
2 орын — Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова атн. №29 м/г.
3 орын — Бейнеу ауданы, Бейнеу ЖББМ.

🏅 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен және дипломмен, кубокпен марапатталды. Сонымен қатар «үздік ойыншы» номинациясымен статуэтка табысталды.

🎉 Тоғызқұмалақ жарысы бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 🔥

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ