🌿Маңғыстаулық оқушы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумынан жүлделі орын иеленді!!! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🌿Маңғыстаулық оқушы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумынан жүлделі орын иеленді!!!

Жаналықтар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13-15 мамыр күндер аралығында оқушылардың экологиялық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы қашықтық форматта өткізілді.

🌟Форумға белсене қатысқан оқушы облыс мерейін көтеріп, жүлделі орын иеленді.

🥇І орын – «Жасыл идея» бағыты бойынша Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Ибрахим Алия.

👏Оқушымызға шығармашылық шабыт, алда толағай табыс тілейміз!

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ