Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 15 сәуір күні «Білім-инновация» лицейі және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында қатарлас өткізілді. 💧🌍
Аталған іс-шара табиғи ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған медиажоспар аясында, облыстық депутаттардың қатысуымен ұйымдастырылды. 🤝
Іс-шара мақсаты – білім алушыларға су ресурстарын үнемді пайдалану және экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру. 🌱
Ашық сабақ барысында спикерлер Уайс Ерсайынұлы және Сармурзина Пания Оңалбайқызы білім алушылармен еркін форматта пікір алмасып, суды тиімді пайдалану, табиғи ресурс-тарға ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында маңызды ойларымен бөлісті. 💬
Сондай-ақ, 2026 жылдың 15–29 сәуір күндері аралығында барлық білім беру ұйымдарында облыстық депутаттар мен қоғамдық белсенділердің қатысуымен аталған іс-шара жалғасын табуда. 📅✨

