2026 жылдың 25 ақпан күні «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға» сәйкес оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғау мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыру және зерттеушілік, логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында «Заңды біл де, жең» облыстық онлайн квест-байқауы өткізілді. 🌿⚖️
Іс-шара барысында қатысушылар сұрақтарға дұрыс жауап беру, тапқырлық, логикалық ойлау деңгейі, білім көрсеткіші және берілген жауапты негіздеу критерийлері бойынша бағаланды. Қатысушылар экологиялық заңдар мен табиғатты қорғау мәселелері бойынша өз білімдерін көрсетіп, экология мен заңның өзара тығыз байланысын терең түсінді. 🌍✨
Байқауға аудан және қала білім беру ұйымдарынан 32 білім алушы қатысып, «JOYTEKA» платформасында тест және квест тапсырмаларын орындады. 💻Қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасының шешімімен бағаланды.
🏅 Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар:
🥇 I орын – Мұнайлы ауданы, №10 ЖББМ «ЮНЕП» тобы;
🥈 II орын – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» мектеп-лицейінің «Сейсмо-8» тобы;
🥈 II орын – Ақтау қаласы, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының «Грин Эко» тобы;
🥉 III орын – Маңғыстау ауданы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының «Тұғырлы талдау» тобы;
🥉 III орын – Түпқараған ауданы, М. Әбдіқалықов атындағы мектеп-гимназиясының «Әділет сақшысы» тобы;
🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы, Білім-инновация лицейінің «menenquqyqsuraid» тобы;
🏅 IV орын – Жаңаөзен қаласы, №9 ЖББМ «Жасақ» тобы;
🏅 IV орын – Қарақия ауданы, ЖББМГ «Қыран» тобы;
🏅 IV орын – Түпқараған ауданы, Шахта ЖББМ «ЭкоLife» тобы.
Жеңімпаздар I, II, III, IV дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. 🎖️📜
